
Күйші Шәміл Әбілтаевпен кездесу
2016 жылдың 24 қарашасында Атырау мұнай және газ университетінің Студенттер сарайында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Атырау мұнай және газ институты комитеті» филиалының ұйымдастыруымен біздің жерлесіміз, күйші-домбырашы, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаевпен кездесу болды.
Атырау өңіріне белгілі публицист-жазушы, журналист, өлкетанушы,Ө.Әлімгереев күй тарихына, күй тартысының түрлеріне, сонау Қорқыттан бастап, олардың ізін жалғастырып келе жатқан 250-ден астам күйші бар. Солардың ішінде Мәмен күйшінің күйін бізге жеткізген Шәміл Әбілтаев» - дей келе, қазақ өнеріне сіңірген еңбегін айтып өтті.
Шәміл күйші сөзін Меңдекеш ақынның бір шумақ өлеңімен бастап, өзін зор құрметпен қарсы алған басшылыққа, профессор-оқытушылар қауымына, студенттерге ризашылығын білдірді. Күйші Баламайсаңның күйі «Баламайсаң» күй тартысын бастап, Дәулеткерейдің күйі «Көрұғлы», Абылдың күйі «Абыл», өзінің төл шығармалары «Матай», «Иманғали», «Қазақстан-Нұрсұлтан» күйлерін нақышына келтіріп орындап берді. Күйдің құдыретіне кездесуге қатысушылар орындарынан тұрып, ұзақ шапалақ ұрды. Студенттер дара тұлғаның шығармашылығына қатысты сұрақ қойып, 2 курс студенті «Байжұма» және Құрманғазының күйі «Терісқақпайды» орындап, күйшінің батасын алды. Кешті университет ректоры А.Абишев қорытындылап, шақыртуды қабыл алып, күймен сусындатқан Шәміл күйшіге алғыс айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
-
Фотографии
-