СПЕКТАКЛЬДІ ТАМАШАЛАДЫ
Бүгінде театрға барып спектакльді тамашалау үрдісі кенже қалып бара жатқаны жасырын емес. Дегенмен де осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында көптеген ізгі шаралар жүзеге асып жатыр. Соның бір айғағындай, облыс орталығындағы М.Өтемісов атындағы драматеатры Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен тығыз байланыс орнатқан. Биылғы күзден бері ұжым мүшелері мен студенттері осы көркемөнер шаңырағының бірнеше құнды көрсетілімдеріне ұйымшылдықпен қатысты. Осының айғағындай, жуырда университеттің оқытушы-профессорлары мен студенттері «Болмаған оқиға» (драматург Мария Ладо) атты және Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Түркістан Сазды-драматеатрының «Мұстафа Шоқай» (драматург Р.Отарбаев) спектакілдерін тамашалады. Көрермендердің бұл қойылымдарынан алған әсері зор. Ал олардың театрға баруына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті комитеті» Филиалы Атқару комитеті (төрағасы Қ.Сүндетұлы) демеушілік жасады.
-
Фотографии
-