Студенттік Арнау-2016
2016 жылы қарашаның 16 жұлдызында облыстық Махамбет атындағы драма театрында Атырау мұнай және газ университетінің 1 курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Студенттік Арнау-2016» шарасы өтті.
Салтанатты мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары С.Ж.Нақпаев, Атырау облыстық білім беру басқармасының орынбасары Ш.Қ. Мырзағалиев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Қ.Қ.Қайненов, басқа да мекемелер мен оқу орындарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы А.Т.Болпылдықов, Атырау мұнай және газ университетінің проректорлары, факультет декандары, бөлім басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және 1 курс студенттері қатысты.
Студенттер театрланған түрде көріністер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында кештің ресми бөлімі ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Ә. Әбішев бірінші курс студенттерін салтанатты түрде студент атануымен шын жүректен құттықтады.
Институт профессор-оқытушылар құрамы сапалы білім беруге, ал басшылық тарапынан студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық деңгейін дамыту үшін барлық жағдай жасалатынына сенімді екенін айта келе, сөз соңында студенттерге оқуда табыс, мықты денсаулық және барлық армандарының орындалуына тілек білдірді және бірінші курс студенттеріне символдық Білім кілтін, студенттік билет пен сынақ кітапшасын тапсырды. Бірінші курстықтар өз кезегінде институт басшылығына, оқытушыларға АтМГУ студенті атағын биік ұстап, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болуға уәде етті.
Салтанатты мерекелік кеш университет студенттерінің дәстүрлі әнұранымен қорытындыланды.
-
Фотографии
-