.jpeg.jpg)
Ұстаздық – ұлы құрмет
Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы қарсаңында Ақтөбе облыстықбілім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастырумен оқушылардың күзгі демалысы аралығында Жамбыл облысының көрікті табиғатының аясында Меркі шипажайында жолдамамен ұстаздар демалып келді. Демалыста болған ұстаздардың арасында шалқарлықтар да бар.
Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Г.Махаттың пікірінше:
-Кәсіподақ органдары мен оған мүше ұйымдардың алға қойып отырған ең басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылғандықтан, білім беру қызметкерлерінің әл-ауқатының нақты көрінісін жеткізуде бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Соның бірі- ұстаздың қадірі, мұғалімнің мәртебесін көтеру,бағалау, арттыру болып саналады- деген ойда.
Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген инновациялық-экономикалық жетістіктерді елдің даму стратегиясымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздарды мерейлі еңбектеріне сәттілік тілейтін «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне және Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіптік одағына ерекше қамқорлық көрсеткені үшін, жолға дайындалғаннан бастап үйімізге жеткенге дейін жағдайымызды біліп отырғандары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,Шалқар №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғаліміСәңкібай Қалампыр