
Кәсіподақтың жүйелі жұмысы
Жапондықтар мұғалімді ұлттық игіліктер деп санайды екен.Шынымен де қоғамға белсенді қызмет ететін мұғалімнің жемісті еңбегі ұлт игілігіне айналатыны баршамызға мәлім. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.Мұғалімнің білімділігі мен қатар денсаулығын да нығайту үкімет тарапынан, кәсіподақ ұйымы жұмыстарынан да көрініс тауып отыр.
Елбасы Жолдауында білім саласына көбірек көңіл бөлген. Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел, мықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Биылғы 2016 жыл желтоқсан оқиғасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен сәйкес келіп тұр. Осы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қоғамның басты бір мүшелері мұғалім қауымдарына да көптеген марапаттар мен демалыс сауықтыру шаралары ұйымдастырылды.Көптеген жылдар бойында ұстаздық етуден жалықпай, оқу-тәрбие істерінде талмай еңбек етіп келе жатқан мұғалімдердің еңбегі бағаланды, басшылық тарапынан, кәсіподақ ұйымы басшыларынан көмек көрсетілді. Бұр дәстүрлі шара Ақтөбе облысы, Темір аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының жұмысынан да көрініп, тәжірибелі ұстаздардың көңілінен шықты.
Әр мектептік кәсіподақ ұйымының төрағалары Елбасы Жолдауын іске асыруда, мұғалімдердің сауықтыру, демалу шараларын ұйымдастыруда мұқияттық танытып, еңбегі сіңген ұстаздарды көре біліп, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында әр мектептерден үздік еңбекқор ұстаздарға сауықтыру орындарына кәсіподақ басшылары емделіп келулеріне, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымына ұсыныс жасады.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Сәбенова өз тарапынан бұл ұсынысқа қолдау көрсетіп, облыстық кәсіподақ ұйымы өз жұмысын көрсете білді. Облыстық мерекелік шараға шақырту алып, мұғалімдерді ұйымдасқан түрде осы шараға қатыстырды. Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова облыс бойынша 25 бастауыш мектеп мұғалімдеріне жемісті еңбегі мен жетістіктері үшін марапаттап, шипажайға емделіп, демалуға «Сертификат» табыстады.Шипажайға демалу ақысыз, қаражат облыстық кәсіподақ ұйымының қорынан бөлінген болатын. Бұл мұғалімдерге еңбегін бағалағаны үшін қуаныш, денсаулығын ойлағандары үшін мақтаныш. Осындай марапат маған да көрсетілді.
Мен, Сиюмова Мяаш Бөлекбайқызы, Шұбарқұдық № 2 қазақ-орыс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін. Білім саласында 32 жыл тыңбай еңбек етіп келемін. Менімен бірге әріптестерім Шұбаршы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалды Деңгелбаева, Шұбарқұдық гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бибігүл Зорғұлова да осындай марапатқа ие болып, «Меркі» шипажайында демалып келдік.Мерейлі Меркінің таза ауасы, жасыл табиғаты, шипалы суы тәнімізге шипа болды. Кәсіподақ ұйымдарының бағдар беріп, ұстаздарға нақты көмек көрсеткені үшін кәсіподақ көшбасшыларына өз атымнан және әріптестерімнің атынан алғысымызды білдіреміз.
Еліміздің қарқынды дамуында мамандардың саналы білімді, сапалы денсаулықты болуы қоғам үшін маңызды екенін кәсіподақ ұйымы еңбекшілердің еңбегін бағалауды көрсете білді.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,Шұбарқұдық №2 қазақ-орыс ортамектебінің бастауыш сыныпмұғалімі Сиюмова Маяш