Ұлы ұстазды еске алу
2016 жылы қарашаның 7 жұлдызында Атырау мұнай және газ университетінің басшылығымен және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, Парасат орденінің иегері, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрамыс Ермекұлы Ермековті еске алуға арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге университет жастар ұйымының өкілдері, студенттік жастар клубының топ басшылары, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары, Каспий зерттеу институтының ғалымдары қатысты. АтМГУ ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор А.Қ. Мұқтар, х.ғ.д., профессор, Құрамыс Ермекұлының үзеңгілес інісі, әріптесі Т.П. Серіков, г.-м.ғ.д., академик М.Д. Диаров, «ҚТжӘГП» кафедрасының аға оқытушысы М.Ш. НартаевҚұрамыс Ермекұлының өмірі мен еңбек жолына, ғылыми –іздену жұмыстарына тоқталды.
Құрамыс Ермекұлының жұбайы Қалимаш апай, қызы Жанна Құрамысқызы сөйлеп, университет басшылығына кездесуге шақырып, еске алу кешін ұйымдастырғандары үшін бек ризашылығын білдірді.
-
Фотографии
-