
Батыс Қазақстан облысының Теректі және Бөрлі аудандарында ұйымдастырған оқыту семинарлары
2016 жылдың қазан – қараша айларында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің Теректі және Бөрлі аудандарының кәсіподақ жетекшілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында«Кәсіподақ қызметінің ұйымдастырушылық – құқықтық негіздері. Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтардың ролі»және«Кәсіподақ органдарының ұйымдастырушылық – бұқаралық жұмысы, оның міндеттері және жұмысты ұйымдастыру»оқу – тақырыптық жоспарлары бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылып өткізілді.
Оқыту семинарына кәсіподақ жетекшілері белсенді қатысып, кәсіподақ жұмысын жүргізудегі ұйымдастыру жұмыстарына және еңбек дауларына қатысты мәселелер туралы сұрақтарын қойды.
Ұйымдастырылған оқыту семинарына Теректі және Бөрлі аудандырының барлығы 90 кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Семинарға қатысушылар алған білімдерін өз кәсіподақ ұйымдарына жеткізіп, оны іс жүзінде қолданулары үшін ұйымдастырылып өткізілген семинар өз мақсатына жетті.
-
Фотографии
-