Спартакиада өз мәресіне жетті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен Атырау облысы білім беру басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында өткізілген облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті.
«Атырау» спорт кешеніндеқорытынды сайыстар өткізілді. Ойындар аяқталғаннан кейін қорытындыларды шығару және спартакиаданың салтанатты жабылу бөлігі өтті. Жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық жүлделі 1-орынға Атырау қаласы командасы ие болса, 2-орынды Құрманғазы ауданы, 3-орынды Жылой ауданы командалары жеңіп алды.
Жабылу салтанатында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Қ.Қайненов спартакиадаға қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, жүлделі орын алған командаларды грамоталармен, естелік медальдармен, кубоктармен және арнайы бөлінген бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар жарысқа қатысып, өз күштерін сынаған басқа командаларда ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
-
Фотографии
-