Атырау облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті
2016 жылы қараша айының 3-і күні Атырау қаласының «Атырау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен Атырау облысы білім беру басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары З.Қ.Дүйсекенова спартакиаданың ашылуымен құттықтап қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Қ. Қайненов ашылуымен құттықтап, облыстық кәсіподақ ұйымы атынан дене тәрбиесі және спорттың дамуына қосқан үлесі үшін жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерін Алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапаттады.
Спартакиада 2 күнге созылмақ. Спартакиадаға қатысушылардың өз командаларына тән бірыңғай спорттық киім кию үлгісі алаңды өз сәніне келтіргендей.
Спартакиаданың мақсаты – педагогикалық ұжымның салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шараларды дамыту және нығайту,педагог қызметкерлер арасында ептілер мен үздік спортшыларды анықтау. Спортшылар спартакиада бағдарламасы бойынша шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол, баскетбол және гандбол спортының 6 түріне қатынасады.
-
Фотографии
-