.jpg)
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында жиналыс
Ақтөбе облыстық-мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 28 қазан күні қабылданған заңдар бойынша кең ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында жиналыс өтті. Мектеп-интернат ұжымы толық қатысқан жиналыстыоблыстық кәсіподақ ұйымының еңбек инспекторы, юрист Алимпиев Александр Львович жүргізді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының еңбек инспекторыАлимпиев Александр Львович міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, коллекторлық қызмет, жеке тұлғалалардың кірістері мен мүліктерін декларациялау мәселелерісұрақтарына ерекше тоқтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұжым тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алынды.
-
Фотографии
-