Алтын бесік «Балбұлақ»
25 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының аясында Ақтау қаласы әкімдігі білім бөлімінің №46 «Балбұлақ» балабақшасының 30 жылдық мерейтойы болып өтті.
Біз-қазақ елі қай күнде де тәрбиеліден тәлім, ғалымнан ғибрат, өнерліден өнеге алып, баланы болашағымызға балаған, ұрпақ тәрбиесіне, ұлт келешегіне ерекше көңіл бөлген халықпыз. Мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерді жан-жақты тәрбиелеу мен оқыту әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. 1986 жылы алғаш іргетасы қаланған «Балабұлақ» балабақшасын облыс орталығындағы алдыңғы қатарлы балабақша десек артық болмас.
Балабақшада 12 топ бар, оның ішінде 6-қазақ тілінде, 6-орыс тілінде. Қалалық мектепке дейінгі мекемелер арасында рейтинг бойынша соңғы 5 жылда алдыңғы үштіктің ішінен орын алып келеді.
Балабақшада «Денсаулықты сақтау», «STEP by STEP», М.Монтессори педагогикалық жүйесі, «Жобалау әдісі» инновациялық технологиялары қолданылады. Жүйелі жасалған жұмыстар нәтижесінде 2007 жылы-«Қазақстан Республикасында ең үздік жоба» Бірінші Ұлттық байқауында «Балалық шақ досы» дипломымен марапатталса, 2011, 2016 жылдары-қалалық, облыстық «Ең үздік балабақша-2016» байқауларының бас жүлде иегері, «Білім ұясы» республикалық конкурсының лауреаты болды.
2015 жылы республикалық интеллектуалдық «Үркер» марафонына 96 тәрбиеленуші қатысып, «Зияткерлік балабақша» атанды. Облыс, республика, халықаралық көлеміндегі іс-шараларға белсене қатысып келеді.
Ұжымның алғашқы бастамасының бірі балабақша көлемінде мектепке дейінгі ұжым қызметкерлеріне, ата-аналарға және балаларға арналған Алтын бесік «Балбұлақ» ақпараттық-танымдық журналының жарыққа шығуы.
Болашақта журнал материалдары «Балабақша тынысы», «Ата-аналарға кеңес», «Педагогикалық технология», «Жеке маман сөйледі», «Бала тілі-бал» айдарларымен топталмақшы.
Ата-ана мен баланың ыстық ықыласына айналған бұл балабақша бүлдіршіндерінің келешегі кеңісті, өмірі өрісті болуы үшін әлі де талай қызмет етіп, қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.
Балабақша мсерейтойының алғашқы құттықтау сөз«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-ң төрайымыБаймбетова Тарбия Анайбекқызына берілді. Төрайым өз құттықтау сөзінен кейін 30 жылдай ұжымда абыройлы атқарған еңбектері үшін бір топ ардагерлерге облыстық кәсіподақ ұйымы атынан «Құрмет грамота» мен сыйлықтарды табыс етті.
-
Фотографии
-