
Ұстаз мерейі – ел мерейі
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының Мәдениет үйінде 7 қазан күні дәстүрге айналған «Ұстаздар күнімен» қатар келген Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай аудандық білім бөлімі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Алматы облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалыұйымдастыруымен атап өтті.
Атаулы мерекені аудан әкімі Бинәлі Ысқақ Әбдіқапасұлы өз құттықтауымен ашты. Бұл жиында аудан әкімі ұстаздарды “Алғыс хатпен” марапаттады , аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Молдосбаева Асель Маратовна еңбегі ерен ұстаздарымызды және аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Надырбаев Серик Дюйсебаевич үздік танылған кәсіподақ төрағаларын облыс грамоталарымен марапаттады. Осы салтанатты жиынға 25 «Алтын белгі» иегерлері мен 25 ұлағатты зейнеткер ұстаздарымыз шақырылды. Олар алғыстарын білдіре отырып, 25 гүл шоқтарын ұсынды. Кеш сәнін аудан әншілері мен эстраданың жұлдыздары келтірді. Аталған шараға мектеп басшылары, директор орынбасарлары,кәсіподақ төрағалары да шақырылды. Аудан мұғалімдерінің атынан Абылай хан атындағы №4 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Қырбасова Ғазиза Артықбаевна құттықтау сөз сөйледі. «Алтын белгі» иегерлерінің болашақ ізбасарлары «Айжан» балабақшасының 25 тәрбиеленушілері бірігіп, «Ұстазым, менің, ұстазым» әнін хормен шырқап, кешті аяқтады. Жиынға келген қонақтар жақсы көңіл күймен тарқасты.
Бердибаева С.А.
-
Фотографии
-