Кезекті Атқару комитет отырысы
2016 жылдың 18 қазан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атқару комитетініңкезекті кеңейтілген отырысы өтті. Атқару комитеті отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды.
1. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
2.«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ мүшелері және олардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру қорытындысы туралы.
3.Кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту жұмыстарын ұйымдастыру туралы.
4. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымының Қызылқоға аудандық комитеті» филиалының жарғылық міндеттерді орындауы туралы.
5.Мүшелік ұйымдардың кәсіподақ басылымдарына жазылуын ұйымдастыру жәнекәсіподақ жұмыстарын ақпараттандыру сапасы туралы
6. «APEC PetroTechnic жоғары колледж» ЖШС студенттері бастауыш кәсіподақ ұйымының «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне құрылымды бөлімше болып қабылдану туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныс пікірлер талқыланып, қаулылар қабылданды.
Сонымен қатар ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен бекітілген Еңбек күніне орай кәсіподақ белсенділеріне марапаттар табыс етілді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төс белгісімен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Құрманғазы аудандық комитеті» филиалының төрағасы Ә.С.Изжанов,Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Құрмет грамотасымен» Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті филиалының төрағасы Қ.Сүндетұлы марапатталды.
-
Фотографии
-