Кербұлақ ауданы бойынша әйелдер кеңесінің жұмысы туралы Ақпарат
Кербұлақ ауданында әйелдер саны 24924 адамы құрайды. Аудан бойынша аналар кеңесінің жұмысы жақсы жолға қойылған. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - демекші біз аудан бойынша жұмысты жасөспірім қыздар тәрбиесінен бастадық.
Ондағы мақсатымыз: аудан мектептеріндегі жасөспірім қыздардың тәрбиесі, қыздарға «Жаннат ананың аяғының астында» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, «қазақтың қызы» деген ғажап атқа дақ түсірмей, керісінше, соған лайық болуға, ибалы, ізетті, инабатты болуға тәрбиелеу.
Осы мақсатта аудан мектептерінде «Қыз ұлттың анасы», «Мұны әрбір қазақ білуі тиіс» және «Әйел әлемі әдемі» деген тақырыптармен қыздар, жас аналар арасында жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар ауданымыздың қалған елді мекендерінде жақын арада жалғасын таппақ.
Ұрпақ тәрбиесі отбасында ортақ болғандықтан, әкелердің мәртебесін және бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін көтеру мақсатында 25 пен 45 жастағы ер-азаматтар арасында «Сіз қандай әкесіз?» деген тақырыпта үлкен жиын өткізілді. Ер-азаматтармен анкета жүргізіліп қорытындысы шығарылды.
Аудан әкімі Бағдат Байшалұлының бастамасымен ауданымызда жетім балаларды қамқорлықтарына алған 14 өкіл әке өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Бұл үрдіс ауданымызда бала асырап алу жүйесін жетілдіреді деген ниеттеміз. Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету жақсы жолға қойылған. Мемлекеттік емес мекемелер тарапынан «Қамқор» қоғамдық қорынан атқарып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтуға тұрарлық.
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралған мәселелер атап айтқанда Қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтуда Аналар кеңесінің ролін күшейтуге бар күш-жігерімізді саламыз. Әсіресе отбасындағы тәрбиені күшейту жолдарының әртүрлі әдіс-тәсілдерін қарастырып, отбасындағы ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару керек.
Алда әлі де атқарылатын игі-істер ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға, отбасында ұрпақтарын дұрыс тәрбиелеуге арналады.
-
Фотографии
-