.jpg)
Педагогикалық династияларға құрмет!
Шырайлы шығысымыздың әсем қаласы Семей шаһарында 7 қазан жұлдызында, «Шығыс» салтанатты сарайында Еңбек және Мұғалім күндеріне, «Тәуелсіздіктің 25» жылдығына орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Семей аймақтық ұйымы» ұйымдастыруымен «Қалдырған ізің мәңгілік» атты ұстаздар әулеттік династияларының салтанатты кеші өтті. Кешке Семей өңірінен келген, атап айтқанда: Аягөз ауданы, Бесқарағай ауданы, Жарма ауданы, Абай ауданы, Бородулиха ауданы, Үржар ауданы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы педогоикалық колледжі және Семей қаласының ұстаздық дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырушы ұстаздар әулетінің қадірлі өкілдері, сапалы білім беруде көп жылдар үлес қосып, еңбек сіңірген ардақты ардагер ұстаздар, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағалары және қала, аудан білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Салтанатты кеш Семей аймақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибраев Сәбит Молдатьянұлының құттықтау сөзімен ашылды. Ұстаздық династиясы 420 жылға жеткен Жарма ауданынан келген Мукаевтар отбасы, ұстаздық династиясы 209 жыл болатын Семей қаласындағы Кудияровтар отбасы, Аягөз ауданынан келген Өзбековтар отбасыларының өкілдері ортаға шығып педагогикалык қызметі атадан балаға мұра болған еңбек жолдарымен, жанұялық династиясымен таныстырып жатты. Кештің сәнін келтірген педагогикалық еңбегінің ардагерлері болды. Облыстық мұғалімдер даярлау институтының басшысы, еңбек ардагері Хасанова Рашида Ашрафовнаның құттықтау сөзі, ұстаздыққа жаңадан қадам басқан жастардың бойына патриоттық рух беріп, болашақ еңбек жолдарына сәттілік тіледі, және ұстаздардың ерен еңбегін ескеріп кештің себепкері болған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Семей аймақтық ұйымы» басшылығына ардагерлер атынан алғысын білдіріп жатты. Есесіне кеш ұйымдастырушылары ардагерлерге, династия өкілдеріне, кештің құрметті конақтарына арнайы силықтар беріп, гүл табыстап марапаттады. Қаланың өнер жұлдыздары да өнерлерін көрсетіп, кешті жандандыра түсті. Семей өңірінің 45 мұғалімі ұйымның «құрмет грамоталарымен» марапатталып, кеш соңынан кейін ел-ордамыз Астана қаласына 3 күндік экскурсиялық саяхатқа жіберілді.
Семей аймақтық ұйымының маманы, Баянбаев Ержан
-
Фотографии
-