
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Қазіргі таңда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымына қарасты 4 студенттік кәсіподақ ұйымы белсенді қызмет етеді. Олардың қатарында 5266 студенттік кәсіподақ ұйымының мүшесі бар. Студенттік кәсіподақ ұйымының негізгі жұмысы студенттермен білім беру, салауатты өмір сүру, мәдениет, өнер және бос уақытты тиімді пайдалану сияқты бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстармен қоса олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар туралы ақпараттар беру, жастардың арасындағы күрделі мәселелерді шешуге, олардың тұлғалық келбетін қалыптастыруға, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмыстармен айналысады.
Осы орайда облыстық кәсіподақ ұйымының бастамасымен «Бүгінгі кәсіподаққа – белсенді жастар» кәсіподаққа ынталандыру айлығы аясында студенттер-кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен семинар өтуде. Семинар барысында кәсіподақтың жастар қанатына жаңадан келіп қосылған белсенді жастарға Кәсіподақ дегеніміз не? Ұйымның негізгі жарғылық мақсат-міндеттері мен құрылымы, кәсіподақтағы жастар саясаты тақырыбында тренингтер өткізіліп, дәрістер оқылды.
Тәжірибелі тренерлер, олардың қатарында республикалық салалық жастар Кеңесінің мүшесі Елнұрбек Ермеков, республикалық жастар лагерінің қатысушы Ерлан Тілеген, республикалық «Көшбасшылар шеруі» кәсіподақтық байқауының жүлдегері Бейбіт Бекназаровтар студенттерді жастар тақырыбындағы жобаларды қорғаудың әдістемелерін үйрету мақсатында бірнеше топтарға бөліну арқылы тренингке қатысушылар түрлі мәселелерді қарастырып, ойын түріндегі ширату жаттығуларын мен тапсырмаларды орындады. Практикалық сабақтар барысында үйренген әдіс-тәсілдер жас көшбасшыларға жұмысты жүзеге асыруға және дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.
Семинар-тренинг қорытынды жасау, жастарды толғандыратын сұрақтарға жауап беру, кәсіподақтағы жастар ісі жөніндегі Кеңеске ұсыныстар әзірлеу, кәсіподақ жастарының кейбір мәселелерін өзге аймақтардағы жастармен бірлесіп шешу сынды пікірлердің айтылуымен қорытындыланып, естелік фотосуреттер мен сертификаттарды табыстаумен аяқталды.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-