
«Мектепке жол» акциясы
Қаратал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» үндеуімен Үштөбе қаласының орталық алаңында мектеп оқушыларына арналған сауда - саттық жәрмеңкесінде әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан екі оқушы Ықылас Таңбол – Кәльпе орта мектебінің 4 сынып оқушысы, Мақымет Ақтілек – Құлжабай батыр орта мектебінің 5 сынып оқушысы.
Жәрмеңке кезінде мектеп формасын, оқу-құралдарын тағы басқа да қажетті заттарына «Жақсылық пен игілікті іс жасау – үлкен адамгершіліктің белгісі», адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырып, достастырып Қазақстан халқының ауыз бірлігін нығайтудың көзінің бірі деп санап,қайырымдылық көмек көрсетті.