
Кәсіподақ қозғаушы күш
Шілде айының 20-21 аралығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинар Арал ауданындағы «Қамбаш» балалар демалыс орталығының базасында 60 бастауыш кәсіподақ төрағалары үшін арналды.
Семинар барысында Қызылорда облысы бойынша еңбек саласын бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Ш.Ж.Тлеуов «Жаңа Еңбек кодексін тәжірибеде қолдану» тақырыбында түсіндірме жасап, сұрақтарға жауап берді. Облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Н.Утегенова «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу. Жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында мысал келтіре отырып баяндама жасады. О.Алимбетова - қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы «Кәсіподақ жұмысын тиімді үйымдастыру», Ә.Раман – Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы «Ұжымдық шарт-ынтымақтастық кепілі», Г.Аханаева-Жалағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы «Кәсіподақ ұйымына түскен жазбаша және ауызша өтініштерді қарау тәртібі», А.Есназар - Сырдария аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы «Жазғы демалысты ұйымдастыру», Е.Сатершинов –Жаңақорған аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы «Кәсіподақ жұмысын жоспарлау», Н.Жәнібеков – облыстық кәсіподақ комитетінің кәсіподақ белсенділер мектебінің жетекшісі «Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Кәсіби қызметтегі сөйлеу шеберлігінің маңызы», «Көшбасшылық қабілетті дамыту мүмкіндіктері» тақырыбында тренингті – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАЙ деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Жұбауова Жанар өте жоғары деңгейде өткізді.
Тәжірибе алмасу мақсатында Қызылорда қаласының №112 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сармолдаева Айгүл және Қармақшы ауданының №269 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жунусова Дина өз жұмыстарымен бөлісті.
Семинар соңында кәсіподақ төрағалары ұйымдастырушыларға ұсыныстары мен алғыстарын білдірді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Байназарова Райкүл Мансүрқызы семинарда белсенділік танытқан көшбасшылрды арнайы марапаттады.
-
Фотографии
-