Күшті бастауыш – мықты кәсіподақ
Маусым айының 25-26 аралығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинар Сырдария ауданының «Жалын» тынығу-сауықтыру лагерінде жаңадан сайланған 60 бастауыш кәсіподақ төрағалары үшін арналды. Бағдарламаға сәйкес семинардың бірінші күнгі жұмысы №35 мектеп-лицейінің базасында өткізілді.
Семинар жұмысын Кәсіподақ төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Байназаров а Райкүл Мансүрқызы ашты.
«Жаңа Еңбек кодексін тәжірибеде қолдану» тақырыбында Қызылорда облысы бойынша еңбек саласын бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Темірлан Әсемхан баяндама жасап, көптеген сұрақтарға жауап берді.
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу.Жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Утегенова Нұргүл Сабырқызы баяндады.
Тәжірибе алмасу мақсатында Қызылорда қаласының №173 орта мектебінің 11 жыл бойы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып келген Салходжинова Баян Есенгелдіқызы атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Келесі жұмысты №35 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Тұрғанбекова кенже Ерденқызы Кәсіподақ бөлмесімен таныстырумен бастады. Бөлменің жабдықталуы, іс-құжаттар номенклатурасы және жүргізілу тәртібімен таныстырды.
«Көшбасшылық қабілетті дамыту мүмкіндіктері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Игенбаева Рабиға Тасбергенқызы қатысушыларды топқа бөліп жұмыс жүргізді.
Кешкі мезгілге танысу кеші ұйымдастырылды.
Семинардың екінші күнінде «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарын ұйымдастыру» -Сырдария аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы.
Есназар Алмас Зейноллаұлы ,«Ұжымдық шарт – ынтымақтастық кепілі».
Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Раман Әбіш Қуантқанұлы,«Кәсіподақтың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау тәртібі»- Қармақшы аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Молдабаева Жұлдызай Кетебайқызы және«Кәсіподақ комитетінің жұмысын жоспарлау» тақырыбында Жаңақорған аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы.
Сатершинов Елшібек Меңлібекұлы баяндама жасады.
Облыстық кәсіподақ комитетінің жанындағы кәсіподақ белсенділер мектебінің жетекшісі Жаныбеков Назир Мадемханұлы Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор жұмысының күнделігін толтыру тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Кәсіби қызметтегі сөйлеу шеберлігінің маңызы» тақырыбындағы тренингті –«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАЙ деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Жұбауова Жанар өте жоғары деңгейде өткізді.
Семинар соңында жаңадан сайланған кәсіподақ төрағалары нәтижелі жұмыстың куәсі болып, пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға ұсыныстары мен алғыстарын білдірді. Қатысушылар арасында белсенділік танытқан көшбасшыларды арнайы марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Семинар соңы демалысқа ұласып қатысушылар көлге шомылып, спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерікәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының заңгеріУтегенова Нұргүл Сабырқызы
-
Фотографии
-