
Жаңа Еңбек кодексіне байланысты Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген құқықтық семинар
Ағымдағы жылдың 22 маусымында «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің мәжіліс залында аудандық комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен жаңа Еңбек Кодексіне байланысты оқыту семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Аудандық комитетінің білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастауыш ұйымының төрағаларына жаңа Еңбек кодексінің негізгі қағидаларын жеткізу мақсатында, еңбек саласындағы еңбек шартының мазмұны, мерзімі, қажетті құжаттары, рәсімделу тәртібі, азаматтық қызмет және ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөніндегі өндірістік кеңес туралы құқықтық көмек көрсету.
Семинарға төрағалық еткен «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» ҚБ-нің Панфилов аудандық комитеті бойынша төрағасы М.А.Тұрлыбеков сөз сөйлеп ашты және «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» ҚБ-ның заңгері Қайратбек Мұхаметкәрімұлы Асылханов, Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясының мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Мұхамерұлы Қаскарауов баяндама жасап, қатысушылардың көкейіндегі бірқатар сұрақтарына Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» «Білім туралы» Заңдарымен жаңа Еңбек кодексінің, «Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына, әлеуметтік серіктестік келісіммен ұжымдық шарттар талаптарына тоқталып іс-тәжірибеде қолдану туралы құқықтық кеңес айтып жауап берілді.
Білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, білім мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымы арасындағы 2016-2017 жылдар арасында жасалған ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарының іс жүзінде орындалуына үнемі бақылау жүргізу тапсырылды. Семинарға 61 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
-
Фотографии
-