Шығыстың Зайсан ауданындағы мектеп жанындағы сауықтыру лагеріндегі жазғы демалыс
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 1-10 маусым аралығында 27 мектептен жазғы балаларды сауықтыру лагеріндежиыны 2645 оқушы демалды, оның ішінде 472 оқушы кәсіподақ ұйымының балалары. Аудандық кәсіподақ ұйымынан 519200 теңге қаражат бөлінді.
Оқушыларды таңертең қабылдап алып, таңғы астарын ішкеннен кейін күнделікті жоспарға байланысты жарыстар, танымдық ойындар өткізіледі. Түскі астары да осында. Балдырғандарға арналып туристік шерулер мен табиғат аясына саяхаттар ұйымдастырылады.
Балалардың жазғы демалысын барынша тартымды әрі қызықты өтуіне ат салысу кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
ШҚО Зайсан аудандық білімберу қызметкерлерініңкәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Сайранов
-
Фотографии
-