ТӨЛ МЕРЕКЕНІҢ ТӨРІНДЕ
10 маусым – Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесін меркілік кәсіподақ белсенділері үлкен қызығушылықпен, қуанышпен атап өтті. Мереке күні Жамбыл облысы Меркі ауданының «Үміт» балалар мен жасөспірімдер сарайында, еліміздегі еңбекші таптың мүддесін мен құқығын қорғайтын бірден-бір ұйым – кәсіподақтардың беделін арттыруды және аталған ұйымның ардагерлеріне құрмет көрсетуді көздеген салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.
Жиынның ашылу салтанатына Меркі аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қажығалиева қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде аймақтағы кәсіподақ қозғалысының мән-маңызына қысқаша тоқталып, мерекелік шараға қатысушыларға жақсылық тілейтіндігін жеткізді. Бұдан кейін басқосуға арнайы шақырылған мәртебелі қонақтарға - №1 орта мектептің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы болып 25 жыл еңбек еткен Несіпкүл Альпеисоваға, №5 орта мектептің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы болып 22 жыл қызмет атқарған Бедел Айтқазиевке, «Өркен» шығармашылық орталығының бастауыш кәсіподақ комитетін 15 жыл басқарған Мамликат Мырсадықоваға және №2 Аспара орта мектебінің бастауыш кәсіподақ комитетінде 15 жыл төраға болған Талант Райымбековаға құрмет көрсетілді, мерекелік тарту-тарлғылар жасалды.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
-
Фотографии
-