
Ардагерлерге қамқорлық
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының күніне орай Текелі қалалық кәсіподақ комитеті ардагерлерге дәстүрлі «Кәсіподақ –қамқоршым » атты акциясын өткізді.
Атаулы акцияның негізгі мақсаты: Кәсіподақ мүшелерінің ардагерлерге деген құрметін арттырып , тынымсыз еңбек етіп, дамылсыз жұмыс істеген ардагерлердің көңілін көтеріп, еңбегін бағалау.
Ұжымды басқара білудің өзі бір мамандық . Жүгі ауыр жауапты қызметті абыроймен атқара білген Текелі қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағалары: 1990 -2002 ж.ж Павленко Валентина Васильевна, 2002-2004 жж. Лариса Гиоргиевна Безродных аталған зейнеткерлермен кездесу өткіздік.
Кездесу барысында олар сол жылдардағы кәсіподақта атқарған жұмыстарын еске ала отырып , бірге қызметтес болған жолдастарына ризашылығын білдірді.
Сөз барысында кәсіподақ кеңесінің төрағасы Малчабаева Роза Бекболатовна сөз айтып, әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады. Ардагерлерге сый- сияпат көрсетілді.
-
Фотографии
-