
Көкжиегі кеңейген кәсіподақ
Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен өткен баспасөз турына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Қызылорда облыстық ұйымынан №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысты.
«Үздік бастауыш ұйым» аталған мектеп-лицей ұжымында 89 адам жұмыс істейді, 100 пайыз кәсіподақ мүшелігімен қамтылған. Жыл ішінде бастауыш кәсіподақ ұймының жүргізген жұмыстары:
Еңбек қорғау мәселесіне кәсіподақ ұйымы үлкен назар аударады. Еңбек заңы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, ұжымдық шарт қабылданып, кәсіподақ тарапынан бақылау жасалады.
Мектеп-лицей ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген, жарық көздері жаңартылған. Сынып бөлмелерінде жұмыс жасау үшін жақсы жағдайлар жасалған. Облыстық кәсіподақ комитетінің тарапынан арнайы мұғалімдердің демалыс бөлмесі жабдықталған.
Кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын демалдыруға бағытталған жұмыстары
Мектеп-лицей қызметкерлеріне және олардың балаларына жазғы демалыс уақытында сауықтыру орындарына, демалыс лагерлеріне демалуға жағдай толық жасалған. Мұғалімдер жылда «Мерке» (Жамбыл), «Жаңақорған» (Қызылорда), «Ақсу Жабағылы» (Оңтүстік Қазақстан), «Қарғалы», «Қазақстан» (Алматы), «Жұмбақ тас» (Көкшетау) демалыс орындарына жеңілдетілген жолдамалар арқылы жазғы демалыс уақытында сауықтыруға қол жеткізді.
Кәсіподақ мүшелерінің балалары «Лесная сказка» (Көкшетау), «Талды су» (Жаңақорған) ,«Таң нұры» (Оңтүстік Қазақстан), «Жалын» (Сырдария) демалыс орындарына 50 % жеңілдікпен демалады.
Жастармен жұмыс
Мектеп-лицей жастары, қандай болмасын іс-шараларға қатысып, жылдағы өтетін дәстүрлі мұғалімдер арасындағы «Наурыз шапағаты» фестивалі, «Көңілді тапқыштар клубының» сайысында жүлделі орындар иеленуде.
Кәсіподақ ұйымының спорттық –сауықтырушараларына қатысуы
Мектеп- лицей ұжымы жыл сайын отбасылық сайысқа шахмат, тоғызқұмалақ және эстафеталық ойындарға белсене қатысып жүлделі орындар алуда.
Ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимыл
Мектеп- лицей ардагерлер ұйымының 2015-2016 оқу жылындағы атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, сол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ардагерлерге байланысты «Қарттарым-асыл қазынам», «Қалдырған ізің мәңгілік...» тақырыбында стенділер жасалған. Әр ардагер ұстаздардың жеке іс парағы және жеке фотоальбомдары жасалған.
Аға буын өкілдерінің еңбектерін бағалау мақсатында ұстаз –ардагерлерге кәсіподақ бюджетінен республика көлеміндегі санаторий, шипажайларға және елордамыз Астана қаласына туристік сапарлар 50 % жеңілдікпен ұйымдастырылуда.
Жыл қорытындысы бойынша кәсіподақ ұйымының белсенді қызметкерлері мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталады.
Заманның алға басуына қарай кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да ұстаздармен сала қызметкерлерінің мүддесін қорғаудағы жұмыстарын уақыт талабына сәйкес ұйымдастыруын жалғастырады.
Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлерінің Қызылорда облыстық ұйымыныңтөрайым орынбасарыГ.Есқалиева
-
Фотографии
-