
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі
09-10.06.2016 жылы Арал ауданындағы «Қамбаш» балалар демалыс орталығының базасында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» семинар-тренинг өткізілді. Семинарды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Р.Байназарова ашып, қатысушыларды Кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, білім берумен қоса қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан кәсіподақ төрағаларына Құрмет Грамота тапсырды.
Семинардың бірінші күнінде Қызылорда облысы бойынша еңбек саласын бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Ш.Ж.Тлеуов «Жаңа Еңбек кодексін тәжірибеде қолдану» тақырыбында баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді. Қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы О.Алимбетова «Кәсіподақ жұмысын тиімді үйымдастыру» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізді. Мектеп психологтары М.Назикбаев, Н.Диханбаев «Эмоциялық қалыпты реттеу» тақырыбында тренинг жүргізді.
Семинардың екінші күнінде Облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Н.Утегенова «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу. Жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау», Ә.Раман – Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы «Ұжымдық шарт-ынтымақтастық кепілі», Н.Жәнібеков – облыстық кәсіподақ комитетінің кәсіподақ белсенділер мектебінің жетекшісі «Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі», М.Торебаева-облыстық кәсіподақ комитетінің бас есепшісі «Кәсіподақ комитетінің қаржылық жұмыстары» тақырыптарындарында баяндама жасап, талдау жұмыстарын жүргізді. Тәжірибе алмасу мақсатында көп жылдан бері қызмет атқарған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өз жұмыстарын көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар өз ұсыныстарын айтты. Сырдарияауданының №44 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Бегенова әрбір кәсіподақ төрағасында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің эмблемасымен жасалған значогы болса деп ұсынды.
Жаңақорған ауданының «Бесарық» өнер мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Мустафаев екі күндік семинардан алған әсерінен кәсіподаққа арнап үш шумақ өлең жолдарын шығарып облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподақ ұраны» ретінде қабылдауға ұсыныс білдірді.
Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағыныңҚызылорда облыстық ұйымының заңгеріУтегенова Н.С.
-
Фотографии
-