
Гендерлік саясат
Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.
«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демей ме? Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытуда. Олар қандай қызымет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда. Осыған орай Алматы қаласы «Парасат» кәсіпадағының ұйымдастыруымен «Қазыргі қоғамдағы әйелдердің рөлі» атты дөңгелек стөл өтті. Бұл жиынға Алматы қаласы ЖОО-ң мұғалімдері, Кәсіподақ мүшелері және де студенттер қатысты.
Отырысты Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қызметкерлер кәсіподағының төрәйімі Райхан Нұрғисаевна ашып берді. Содан соң Алматы Энергетика және байланыс университетінің қызметкерлер кәсіподағының төрәйімі Балқия Масимхановна, Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің студенті Нұргүл Абдималикова өз баяндамаларын оқыды. Олар өз баяндамалырында гендерлік саясат – бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі екендігіне тоқталып кетті. Қазыргі уақытта еліміздің саяси және қоғамдық өмірінде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің белсенді қатыстуы, гендерлік теңдіктіңдәлелі екендігіне тағыда көз жеткіздік. Отырысты Алматы қалсы «Парасат» кәсіп одағының төрағасы Данат Жанатаев қортындылады. Ол кісі өз сөзінде «Кәсіподақтың 60% астамы нәзік жандылар, олар әрқашанда біздің мақтанышымыз болып келеді. Биыл біз «Парасат» кәсіподағы жыл сайын Алматы қаласы ЖОО-ы арасында ұйымдастырылатын спорт жарыстарына, әйелдер арасында волейбол және мини футбол ойындарын қостық. Бұл бізің әйелдерге деген құрметімізді білдіреді» деп айта кетті. Отырыс соңында Кәсіподақтың белсенді мүшелеріне силықтармен марапаттау қағаздары тапсырылды.
«Парасат» кәсіподағыныңұймдастыру бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Кадыров