
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шаралар Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымына қарасты құрылымдарда өз жалғасын тапты
Осы ретте, Талас аудандық кәсіподақ комитетінің бастамасымен Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі және төс белгісінің иегері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Әбдіразақ Шымырұлы атындағы жасөспірімдер арасындағы футболдан Республикалық турнир өткізіліп, оған Оңтүстік Қазақстан облысынан 3 команда, Тараз қаласынан 2 команда және Талас ауданынан 3 команда, барлығы 9 команда қатысты. Екі күнге созылған жарыс өте қызықты өтіп, жеңімпаз командалар аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы кубоктар мен мельдармен марапатталды.
Сондай-ақ, Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне Қаратау қаласындағы орталық саябақта арнайы іс-шаралар өткізіліп, әртүрлі балалар күніне ұйымдастырылған ойындардың жеңімпаздарын аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйлықтар берілді.
-
Фотографии
-