
Алға облыстық балалар үйінде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай мереке ұйымдастырылды
Ақтөбе облысының Алға қаласындағы Алға облыстық балалар үйінде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған көңілді мереке ұйымдастырылды. Мерекелік шараның ұйымдастырушысы – балалар үйінің әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымы болып табылады.
Балалар мерекесіне осы балалар үйіне қаржылай және басқалай көмек беріп жүрген мекемелер мен жеке тұлғалардан тұратын көптеген қонақтар жиналды. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінен бас маман А.Алимпиев қатысты.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері келген қонақтарға әсем ән орындап, би билеп, өздерін де, келген қонақтарды да қуаныш сезімдеріне бөлеп, бақыт құшағына енгізді.
Мерекелік шара соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылып, балалар тағы да бір қуанышқа бөленді.
-
Фотографии
-