1 Маусым- халықаралық балаларды қорғау күні туралы
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының Ескелді аудандық филиалы 1 Маусым- халыкаралық балаларды қорғау күніне орай атқарылған қайырымдылық акциясы туралы хабарлайды.
Аудаңдық кәсіподақ комитеті көмекке зәру кәсіподақ мүшелеріне қол ұшын созып, жыл бойы қайырымдылық көмек көрсетуде.
1 Маусым -балаларды корғау күніне арналған ауданда білім бөлімімен бірлесе алаңда салтанатты үлкен шара ұйымдастырылды. Биылғы мейрамға арнап, көп балалы, аз қамтамасыз етілген кәсіподақ мүшелері отбасының, ауру -мүгедек балаларының көңіл-күйін көтеріп, мұң-мұқтажын уақытша болса да ұмыттыру үшін сыйлықтар табыстадық.
Олар төменде көрсетілген 5 отбасы:
Зеленских Елена Викторовна - Алдабергенов атындағы ОМ хореографы, қызы София 12 жаста мүгедектігі бар бүйрегі ауырады. (спорттық костюм берілді)
Қайранбаева Айгул Айтмұханбетқызы - Қарабұлақ ОМ логопеді - 4 бала асырап отырған жесір ана, үлкені 14 жаста. (азық түлік: 1 мешок қант, 1-мешек ұн, 5 л май және тәттілер)
Нусипова Гүлнұр - «Айкүн» балабақшасының музыка жетекшісі- кәсіподақ ұйымының төрайымы, жалғыз басты ана, баласы Нұрбақыт 9 жаста (лейкомия) (Конструктор және тәтгілер)
Бекпаева Маржан Катенқызы - Қаратал ОМ тарих пәнінің мұғалімі, жалғыз басты ана, қызы Қаракат 11 жаста- (жүрек ақауы). (велосипед)
Муталив Гүлзат - Шестаков атындағы ОМ тарих пәнінің мұғалімі - ұлы Шынарбек 6 жаста, мүгедек бала (велосипед).
Смета бойынша 5 балаға әр қайсына 15000 (он бес мың) теңгеден бөлініп - барлығы 75000 (жетпіс бес мың) теңге жұмсалды.
Балалардың сезімтал көңілдеріне жылылық сыйлаған және қолдау көрсеткеніміз үшін отбасылар мүшелері жақсылықтың жаршысы болған - аудандық кәсіподақ комитеті (төрайымы Байзакова А.Н., есепші-маманы Байсакова Г) алғыс рахметтерін жаудырса, балалардың қуаныштары қойнына сыймай, мәз болғандарының куәсі болдық.
Осындай қайырымдылық жұмыстары әлі де өз жалғасын табады.
-
Фотографии
-