Кәсіподақ Жамбыл облыстық ұйымына қарасты мүшелік ұйымдарда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылып өткізілді
Кәсіподақ Жамбыл облыстық ұйымына қарасты мүшелік ұйымдарда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Бұл мерекеге негізінен мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдары, бастауыш сыныптар мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары мен бүлдіршіндері қамтылды.
Мысалы, Меркі ауданындағы 29-білім мекемелерінде, 13 балалар бақшасында, 3 мектептен тыс мекемелерде, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде "Балғын балалар - біздің болашағымыз"атты мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекелер салтанатты түрде арнайы аудан, ауыл әкімдіктерінен, ата-аналар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтті. Балаларға демеушілік марапаттар және мерекелік концерттік бағдарламалар жасалды. Демеушілердің көмегімен сыйлықтар, мерекелік дастархан мәзірлерімен балаларға сый-құрмет көрсетілді.
Жасөспірімдердің қатысуымен аудандық мәдениет үйінде, аудандық кітапхана мен аудандық мұражайда мерекелік бағдарлама негізінде балғын балаларға сыйлықтар тапсырылды.
Жамбыл ауданында жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына тегін мектеп құралдары тапсырылды. Аудан орталығында түрлі жарыстар, байқаулар мен сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Алаңға жиналған барлық балаларға балмұздақ таратылды.
Сонымен қатар, Кәсіподақ органдарының өзі де бірқатар қайырымдылық шараларына атсалысты. Аймақта өткізілген «Армандар орындалады» атты қайырымдылық акция аясында Кәсіподақтың Жамбыл облыстық ұйымы денсаулығына байланысты ерекше тізімде тұрған балаларға сыйлық жасады. Осы ретте, облыстық ұйымы төрайымы Г.Орынбаева сүйек туберкулезіне қарсы санаторийдегі екі бүлдіршінге 50000 теңге көлемінде қаржылай көмек және арнайы құралдарды табыс етті.
-
Фотографии
-