
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне Ақмола облысы Қорғалжын аудан көлемінде іс –шара ұйымдастырылды
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне Қорғалжын аудан көлемінде іс –шара ұйымдастырылды. Алаңда түрлі ән, сурет, ұлттық ойындар, асфальтта сурет салу сайыстары өтті. Осындай аудандық шараға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қорғалжын аудандық филиалы» белсенді қатысып, өз тарапынан демеушілік көрсетті. Жүлделі орын алған балаларға арналған сыйлықтар,сувенирлер берілді.
Қорғалжын ауданы бойынша 1 – маусым балалар қорғау күнінде 15 мектепшілік лагерьдің салтанатты ашылуы өтті. Соның ішінде атап айтатын Шалқар негізгі мектебі«Жауқазын»спорттық – ойын лагерінің ашылуына байланысты салтанатты жиын өткізді. Балаларды қорғау күніне мектептің директоры Мұқатова Қ.Қ. құттықтау сөз сөйледі.«Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыпта асфальтқа сурет салудан жарыс өткізіліп,«Көңілді әуен толқынында » мерекеге қатысушылардың арасында ән,бидің бірнеше түрлерінен сайыстар,«Спорт- денсаулық кепілі»атты әр түрлі спорттық шаралар,жарыстар өтті.
Соңында жеңімпаздар бірден марапатталып, барлық ойындар біткен соң мерекелік дастархан ұйымдастырылды.Сондай-ақ Қорғалжын мектеп-гимназиясында«Балдаурен»жазғы ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты ашылуға 75 бала қатысты. Дәстүр бойынша түрлі ән, сурет, ұлттық ойындар, асфальтта сурет салу сайыстары өтті. Мерекелік іс – шарада ән айтылып би де биленді. Асханада меркелік дастархан ұйымдастырылды.
Мектепшілік лагерьлерде білім беру қызметкерлері жұмыс істеп және олардың еңбекақысы толығымен төленеді.