Балаларға шаттық сыйлаған шуақты мереке!
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні ауданымызда жылдағыдан ауқымды өткендігін атап өткеніміз жөн.Сарқан аудандық білім беру бөліміне қарасты аз қамтылған отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларына арналған осынау шара М.Тынышбаев атындағы орталық алаңында болып өтті. Талдықорған қаласынан «Балалар шоу» аниматорлары Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің демеушілігімен арнайы шақырылып, ойын-сауық ұйымдастырылып, шуақты мейрамды балалар шығармашылық үйінің өнерпаз оқушылары концерттік бағдарламаларымен жалғастырды. Шуағын шашқан күн мен ашық аспан аясында Н.Островский атындағы мектеп лицейінің оқушысы Қалибай Амина, Абай атындағы мектеп гимназиясынан Хаметсапа Алишер, «Әдемі-ау» квартеті, Дюйсенбек Шуақбол, «Құлыншақ» балабақшасынан Қамалхан Ақерке, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары Оралбай Айбөпе, Ерқасыл Диляра жәнеБалалар шығармашылық үйінің оқушылары Тоқтасын Нұрислам, Амангелді Мансұр, Банахович Анастасия, Задорожная Виктория, Егорова Дарияныңәуезді әндері мен «Шұғыла», «Томирис», «Арулар» және Ақын-Сара атындағы орта мектбінің би тобыныңмың бұралған бишілерінің биін тамашалауға қаладағы балабақша балалары мен қала тұрғындары жиналды. Мерекенің қызықты шағы балалардың түрлі-түсті бояулармен асфальтқа жарыса сурет салуы болды.Бала қиялдарын бүлдіршіндер еркін бейнелеп көрермендерге қуаныш сыйлады. Бүлдіршіндерге балмұздақ таратылып, жеміс шырындары мен әр түрлі сусындар, ойыншықтар үлестірілді. Мерекеден балалар балалықтық бал қызықтарын тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Сарқан аудандық кәсіподақкомитетінің маманы Сулейменова С.
-
Фотографии
-