
1 – маусым Балаларды қорғау күні
1 – маусым Балаларды қорғау күніне орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне қарасты филиалдарда шаралар өткізілді.
Исатай ауданында салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Біз бақытты баламыз» атты аудан көлемінде үлкен мерекелік шара өтті.
Бұл шараның басты мақсаты планетамыздың ең кішкентай тұрғындарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың бақытты да алаңсыз өмір сүруіне мүмкіндіктер жасау, балаларды қолдау, балалар достығын нығайту.
Сонымен қатар Қызылқоға аудандық салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Бүкіл әлем – балалар көзімен» атты асфальтқа сурет салу сайысы болып өтті. Сайысты бағалау үшін әділқазылар алқасы тағайындалып, балалардың суретін сараптады.Әділқазылар шешімі бойынша 10баланың салған суреттері үздік деп танылып, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Мақат ауданында осы шара аясында «Жадыра жаз» атты ән фестивалі, 12-14 жастағы оқшылар арасында қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықар табыс етілді.
Аталған мерекеге байланысты Индер ауданы бойынша да «Көктем», «Гребенщик», М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептерде «Бақытты балалық шақ», «Тәуелсіз ел - бақытты балалық шақ» атты шаралар ұйымдастырылып, балдырғандарды қуанышқа бөледі.
-
Фотографии
-