Ақсу ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне атқарған іс –шаралары туралы мәлімет
«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп халық даналығы айтқандай, бала өміріміздің нәрі, ұрпағымыздың жалғасы. Қуанса, бала қуансын деп әрбір бала бойына қуаныш сезімін ұялату, оларды отанымыздың білімді, парасатты азаматтары етіп тәрбиелеу баршамызға ортақ міндет.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде өтетін іс-шаралар жоспары аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті және барлық бастауыш кәсіподақ комитеттері бекітті. Аудан мектептерінде «Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» атты акция өткізілді. Акция аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балаларға қолдау көрсету мақсатында демеушілер тарапынан М.Маметова орта мектебінде Қызылорақ орта мектебінде 6000 теңге, Кеңжыра орта мектебінде 3200 теңге, Қызылқайың орталау мектебінде 5000 теңге, Қаракемер орта мектебінде 4000 теңге, Ғ.Мұратбаев мектебінде 5000 теңгеге көмек көрсетілді. Мектеп кітапханаларында «Бақытты балалығым» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, осы тақырыпта 5-10 сыныптар арасында шығарма байқауы өтті. Байқауда үздік деп танылған шығармалар кітапханадағы көрмеге қойылып, марапатталды. Сонымен қатар спорттық шаралар ұйымдастырылды. 1-4 сыныптар арасында «Көңілді марафон» достық кездесуі, 5-8 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс, 9-11 оқушылары арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды.
1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық орталық алаңда мәдени іс- шара ұйымдастырылды. Шара барысында аудан мектептері оқушыларының концерттік бағдарламасы беріліп, «Қарлығаш», «Ай-Жұлдыз» балабақша балаларының «Әрқашан күн сөнбесін» атты ертеңгілігі қойылды. «Біз – сенің балаларыңызбыз, Қазақстан» атты тақырыпта ұйымдастырылған асфальтқа сурет салу байқауына білім қызметкерлерінің бүлдіршіндері де қатысып жүлделі орындарға ие болды. Балабақша қызметкерлерінің балалары спорттық (резинкелі атпен эстафета 15 м. қашықтықта жарысты) ойындарына Жансүгіров поселкесіндегі № 6 психологиялық - педагогикалық коррекциялық бөлімінің балалары да қатынасты. Байқауларға қатынасқан барлық балалар заттай сыйлықтармен, ойыншықтармен марапатталды.
-
Фотографии
-