«Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті
2016 жылдың 26 мамыры, сағат 11.00 - де Шымкент қаласының опера және балет театрында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орда- басы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республиасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын және ҚазақстанКәсіподақтарының күні мерекелерін атап өту мақсатында«Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан!»атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға атқарушы билік өкілдері,ауданның Бас имамы, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым басшылары, облыстық кәсіподақ қозғаласының жетекшілері, еңбек және кәсіподақ ардагерлері, кеңес мүшелері, жұмыс берушілер, белсенді кәсіподақ активтері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, мерейтой иелері, мектеп оқушылары, өнер иелері, БАҚ өкілдері барлығы -400 адамқатысты.
Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуына қосқан үлесі үшін23еңбек ардагеріне,20мерейтой иесіне,16озат кәсіподақ белсенділеріне,«Ай-Ару» балалар бақшасының ұжымына, желтоқсандағы қарсылық шеруіне қатысқан8ұстазға, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы М.Ақжолға бағалы сыйлықтар тарту етіліп,16ұстазға аудан, сондай-ақ мерекеге демеушілік жасаған аудандық,облыстық мәслихат депутаттарына (Тағаев Б,Абасов Қ, Исабаев Ә) іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан жұмыс берушілерге (Тағаев Ж- облыстық опера және балет театрының директоры,Әділханов Н- облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, Зиябек Ғ– «Ордабасы оттары» газетінің редакторы, аудандық мәслихат депу- таты, Жылқыбай Қ - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас- шысы) облыс, республика деңгейіндегі көтермелеулер (кәсіподақ белгісі Құрмет грамотасы, Диплом,Алғыс) табыс етілді.
Мереке барысында Елбасымыз Н.Назарбаевтың атқарған жұмыстары, кәсіподақ қозғалысының ықпалы, Ордабасы ауданының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері насихатталды, сонымен бірге Желтоқсан оқиғасы- ның ауданымыздың жастарына әкелген қайғы-қасіреті баяндалды.
Мерекенің концерттік бағдарламаларына жергілікті ақындар мен сазгерлердің туындылары пайдаланды. Концерт опера және балет театрының әншілері мен бишілерінің өнеріне ұласып,Ордабасы ауданының ұстаздары мен оқушы- ларының патриоттық әндерімен, құйқылжыған билерімен толықтырылды. Жастарымыздың дүниежүзілік өнер туындыларын нәшіне келтіре орындап, Тәуелсіздікті мақтаныш ете алатының куәсі болдық. Сондай-ақ ұлттық құн-дылықтарымыздың бірі- ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді наси-хаттау мақсатында«Азан шақырып, ат қою»рәсімі өткізілді.
Мереке аса жауапкершілікпен ұйымдастырылған,озық техниканың барлық түрі қолданылды, мереке орны әсем гүлдермен, шарлармен және жалаушалармен безендірілген. Мерекеге келгендер көтеріңкі көңіл-күйде мерекеге қатысып , ризашылықпен тарқасты.
«Кәусар» гимназиясы БУҰ төрағасы Байжігітова Ж.
-
Фотографии
-