.jpg)
Оқу-семинары Ақтөбеде
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 2016 жылдың мамыр айының 13- жұлдызында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының 2016 жылғы жоспары бойынша Еңбек кодексінің заңдылықтары тақырыбында аудандық оқу-семинары ұйымдастырылды.
Семинар «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында өтті.
Байғанин ауданды Қарауылкелді орта мектебінің мәжіліс залында өткен семинарды Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің бас маманы, заңгер А.Алимпиев өткізді. Семинарға мектеп, білім мекемелерінің директорлары, балабақша меңгерушілері және кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, барлығы 65 адам қатысты.
Семинар барысында Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының бас маманы, заңгер А.Алимпиевке көптеген сұрақтар қойылды. Семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарына толығынан жауаптар алды.
Семинар соңында аудандық білім бөлімінің басшысы С.Досқұлов сөз алды. Кәсіподақ жұмысындағы жемісті еңбегі мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы қосқан үлестері үшін он жылдан аса жұмыс істеген 6 ұстаз, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары аудандық кәсіподақ төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
-
Фотографии
-