
Салауатты өмірден өнеге
Сләмия Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде еңбек ардагерлерінің мектептің кәсіподақ мүшелерімен, оқушыларымен кездесуі өтті.
Бұл кездесуді «Ардагер – 2016» облыстық қоры «соғыс жылдары туған ұрпақ» санаты бойынша ұйымдастырған болатын. Кездесу барысында ардагерлер тарапынан мерекелік концерт қойылып, мектептің еңбек ардагері Насипова Оразбике Ақпанбайқызы, орыс тілі пәні мұғалімі Байбалкенова Айсұлу Ахметқызы оны одан әрі қызықты, мазмұнды өткізуге үлкен үлес қосты.
Кездесу барысында салауатты өмірді насихаттау мақсатымен Сләмия Саттаров атындағы №57 мектеп лицейінің кәсіподақ төрағасы Түсіпов Жанат Атығайұлының ұйымдастыруымен интеллектуалды шахмат сайысы өткізілді. Сайысқа кездесуге келген еңбек ардагерлері де кәсіподақ мүшелері мен оқушылармен қатар сайысты. Жүлделі орындарға ие болғандарды мектеп-лицей директоры Жунусова Салтанат Оразбаевна марапаттады.
Интеллектуалды шахмат сайысы салауатты өмір салтын насихаттай отыра, кәсіподақ мүшелерінің арасында ұжымдық бірізділік тудырып, оқушылар үшін тәрбиелік жағынан үлесі мол болды. Өз өнегесімен бөліскен ардагерлер де ұйымдастырушыларға, кәсіподаққа деген разылығын білдіріп жатты.
Сләмия Саттаров атындағы№57 мектеп лицейікәсіподақ ұйымы мүшесі,тарих пәні мұғалімі:Оспанов Мәулен Мардашұлы
-
Фотографии
-