Халықаралық дәрежедегі семинар
Халықаралық Экология және инженерия ғылым академиясының белсенді мүшелері Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Оқу әдістемелік орталығында» І-ші Республикалық кәсіби шеберлік «Ең үздік педагогикалық ұжым – 2016» форумын өткізді. Форумның мақсаты: білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, әдіскерлердің, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының білім саласындағы өзекті мәселелерінің шешімін табу жұмыстары.
Жас ұрпақ орталығының белсенді мүшелері Түркістан қаласында болып, Халықаралық Экология және инженерия ғылым академиясының мүшелерімен бірге тәжірибе алмасу, озық тәжірибені насихаттау мақсатында форум ұйымдастырды. Халықаралық дәрежедегі ғылым академиясының белсенділері кәсіподақ комитетінің әдістемелік оқу орталығында форумның ұйымдастырылуы орталықтың берері көп екендігін дәлелдеді. Заманауи талаптармен жабдықталған орталық форумға қатысушыларға жақсы әсерін берді. Форумның ашылу салтанаты мен алғы сөзі Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлжан Әсілбайқызына берілді. Форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, әдістемелік оқу орталығының жұмыстарына тоқталды. Кәсіподақ қызметкерлер мен жұмыс берушінің ортасындағы «Алтын көпір» екендігін, қызметкерлердің құқықтарын заң негізінде қорғай алатын қоғамдық ұйым екендігін айтып өтті. Форумға қатысушылар өз ойларын ортаға салды, құнды баяндамалар оқылды, слайдтар көрсетілді. Форум жоғары дәрежеде өтті.
Халықаралық Экология және инженерия ғылым академиясы кәсіподақ саласында жоғары деңгейде атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесін бағалап Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлжан Әсілбайқызын Халықаралық Экология және инженерия ғылым академиясының «Төс белгісімен» марапаттады.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева