«Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы»
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалыпедагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» атты II Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңі өткізілді.
Педагогикалық оқулардың мақсаты: Білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату.
II Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңіне облысымыздың барлық қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері және педагогикалық ұжымдары қатысты.
Ұсынылған жұмыстар сараптамасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері, облысымыздың ЖОО-ның жетекші ғалымдары, үздік педагогтері, ШҚ білім басқармасы және ШҚ білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының мамандары әділқазылық жасады.
II Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінің жеті басым бағыты бойынша 100 баяндама ұсынылды. Әділқазылар «Авторлық бағдарлама», «Инновациялық жоба», «Білім беру ұйымын дамыту бағдарламасы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтауда мұғалімдердің ұсынған материалдарының өзектілігіне, тәжірибелік маңыздылығына жоғары баға берді.
II Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлдегерлер «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар кәсіподақ тарапынан жазғы уақытқа тегін жолдамаға сертификат берілуі жеңімпаздарды тағы да бір қуантып тастады. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының маманыНұрсағила Базилеважеңімпаздарға «Алакөл» демалыс базасына тегін жолдама тапсырды.
Іс-шараның құттықтау салтанатында«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидатыСәуле Байхонова, «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутатыМайраш Екибасоважеңімпаздарды құттықтап, қатысушыларға тілектерін білдірді. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Үздік І дәрежелі Дипломмен марапатталған жұмыстардың авторлары Павлодар қаласында маусым айында өтетін II Республикалық педагогикалық оқулардың қорытынды кезеңіне қатысуға ұсынылды:
1. Білім беру менеджменті -Аубакирова Алма Медетовна,директор,Келдибаева Бахтыгул Омархановна,директордың ОТЖ орынбасары,Шайхынова Турсынгуль Сагатбековна,директордың ҒӘЖ орынбасары («Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілді оқытатын мамандандырылған мектеп» КММ, Семей қаласы).
2.Мектепке дейінгі білім беру -Атыманова Қарғаш Жолжаксиновна,п.ғ.к., №106 балабақша меңгерушісі, Өскемен қаласы.
3. Бастауыш білім беру -Кармысова Рыс Окметкановна,№37 мектеп-гимназиясы, Семей қаласы,Кунебаев Нурлыбек Исмадуллаевич,Назарбаев Зияткерлік мектебі, Семей қаласы.
4. Орта білім беру -Салахов Қанағат Қалелұлы,тарих пәні мұғалімі, «Мукарама ат. орта мектеп» КММ, Зайсан ауданы.
5. Орта білім беру -Алькеева Ляззат Касымовна,педагог-ұйымдастырушы, Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты.
6. Техникалық және кәсіптік білім беру -Зубкова Юлия Валерьевна,директордың ОЖ орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, «Өскемен қаласының құрылыс колледжі» КМҚК.
7. Қосымша білім беру -Темиргалиева Гаухар Нуржановна,директордың орынбасары, «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК, Өскемен қаласы.
Облыстық педагогикалық оқулар сайысынан жүлделі орын алған қатысушылардың материалдары жинақ болып шығарылады және І дәрежелі дипломмен марапатталған жұмыстар институт басылымдарында жарық көреді.
Екінші Республикалық Педагогикалық оқуларға қатысуға жолдама алған жеңімпаздарымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Шығыс Қазақстан облысы«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалыкәсіподақ комитетінің төрағасы А. Қонақбаева
-
Фотографии
-