
Ардагерлер үйіне сапар
Шығыс Қазақстан облысы Глубокий аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Айгүл Мусинаның басшылығымен 28 сәуір күні Бобровка орта метебінің оқушылары мен мұғалімдері "Жүректен жүрекке» акциясы аясында Солнечное поселкесіндегі Қарттар үйіне барып қайтты. «Қариясы бар үй-қазыналы үй»-демекші ,«Бобровка орта мектебі» КММ ұжымы Қарттар үйіндегі еңбек ардагерлерінің тыныс-тіршілігімен танысып,1мамыр- Қазақстан халықтары бірлігі мен ынтымақтастығы күнімен құттықтап, мерекелік бағдарламаны сыйға тартты.
1 мамыр - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, келісімнің мерекесі.Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. «Бірлік бар жерде- тірлік бар» демей ме дана халқымыз. Бұл сөз тегінен айтылмаса керек.Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа бөленуде.
Осыған орай,бобровкалықтардың сапарының мақсаты - қамкөңіл қарттардың көңілін аулап, олардың қоғамнан алшақтамауына бір сәт болса да көмектерін беруге тырысу. Бағдарлама барысында қонақтар әуезді ән шырқап,мың бұрала би биледі,өлең оқып,көрініс көрсетті. Әсіресе, мектебіміздің күміс көмей әншісі Құрбан Сыйластың орындауындағы «Атамекен», «Мен қазақтың баласы» әнін көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Тал шыбықтай бұралған кішкентай бүлдіршіндер «Қамажай» биімен қарияларды бір серпілтіп тастады.Соболева Л.Д бар жүрегімен «Мама и папа» әнін тыңдарманға жеткізе білді.Бұл әуенге елтіген қариялар біраз көңілдері босап, көз жастарына ерік берді. Бидахмет Балғын мен Қалықова Дильназдың , Джепаров Никитаның нақышына келтіріп орындаған әндерінен кейін көрерменнің көңіл-күйлері көтеріліп, жадырап сала берді. Мерекелік концерттің соңы жас актерлердің қойылымымен тәмамдалды. Гирш Н.И басқаруымен қойылған театрландырылған көрініс мерекенің көркін ашып, көрерменді тамсандыра түсті. Бобровка мектеп ұжымының бұл сыйына ардагерлер дән риза болысты, көңіл хошы көтеріліп, жандары жадырады.Бір марқайып қалғандарын айтып, алғыстарын жаудырды.Ал қонақтар өздерінің игі істеріне шаттанып,жүректерін кернеген қуаныштарымен бөліспекке ауылдарына аттанды.
-
Фотографии
-