
«Жүректен жүрекке» акция
МКҚК «Маңғыстау политехникалық колледжінің» студенттер кәсіподақ ұйымы ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Облыстық қарттар үйіне барып «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық акциясын өткізудегі негізгі мақсаты, жас өскелең ұрпаққа халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Кайырымдылық акциясы шағын концерттік бағдарлама мен сыйлықтар, сонымен бірге дастархан жайылып, қарияларымыз шын ниеттерімен студенттерімізге ыстық ықыластарын білдіріп, өз баталарын берді.