Бурабайлықтардың кезекті бас жүлдесі
Сәуірдің 22-де Ақмола облысының білім қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Екі жұлдыз» әншілер байқауы өтті. Бұл байқау 2 кезеңге бөлінді. Екінші кезеңге облыстың барлық аудандарындағы білім беру мекемелерінен үміткерлерден ең үздік 20 жұп іріктеліп алынды. Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ермолаева С.А. мен Ақмола облысы білім қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы Абдрахманов Б.К. байқауға қатысушыларды құттықтап сәттілік тіледі.
Бурабай ауданының намысын қорғаған Щучинск қаласының балалар өнер мектебінің ұстазы Прямосудова Г.В. және қызы Прямосудова Екатерина «Самға» әнімен байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Келесі үш орынды Есіл ауданы, Көкшетау қаласы және Целиноград аудандарының жұптары өзара бөліп алды.
Бұл жеңісін Бурабай ауданының білім қызметкерлері Егемен еліміздің ширек ғасырлық мерейтойына арнайды.
-
Фотографии
-