
Кәсіподақ еңбексүйгіш халықтың қамқоршысы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің әрбір халыққа арнаған Жолдаулары мен жұрт алдында оқыған баяндамаларында кәсіподақ қызметінің маңыздылығына жан-жақты тоқталып, аталған ұйымның әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға, еңбеккерлердің құықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, еңбек дауларын реттеуге кәсіподақтардың үнемі атсалысуы қажеттігін айтып келеді. Бүгінде еліміздегі кәсіподақ ұйымдарының мақсаты айқын, бағыты нақты.
Бүгінгі таңда қазақ қоғамы кәсіподақ ұйымының маңызын, қажеттілігін түсініп келе жатыр деуге болады. Оған кәсіподақтың өлшеусіз еңбегін қосуға болады. Осы тұста айтарымыз, жұмыс беруші мен қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыруда Абай атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Б.Дандибаев және мүшелері әр жылға жүйелі түрде жоспар құрып, сол міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. Оқу жылы басында барлық қызметкерлер өз міндеттерімен таныстырылады. Биылғы Елбасы Жолдауы мектепішілік дөңгелек үстелде қаралып, талданды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен мектепішілік іс-шаралар: шығармашылықпен жұмыс жасаған мұғалімдер, «Үздік жыл жетекшісі – 2016», «Жыл мұғалімі – 2016» байқауларының жеңімпаздары бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталып отырады.
Кәсіподақ тарапынан мерекелік іс-шаралар солардың бірі «Қарты бар үйдіңқазынасы бар» демекші зейнеткер мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге заттай сыйлықтар табысталды. Дәстүрлі ұстаздардың төл мерекесі мұғалімдер күнінде жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында бірлестіктердің ұйымдастыруымен мерекелік дастархан тарту етіліп, қызметінде жақсы қырынан белсенділік танытып жүрген мұғалімдер мадақталды.
«Жасыл шырша жанында» атты жаңа жыл кешінде мектеп ұжымының барлық балаларына ертеңгілік ұйымдастырылып, жаңа жылдық сыйлықтар беріліп, балалардың көңілдеріне қуаныш, шаттық ұялатты.
Әрине, бұл жұмыстардың бәрі кәсіподақ ұйымдарында ұстаздардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық қызметін қорғауды жетілдіру және бұқара арасында білім қызметкерлерінің мәртебелерін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар деп есептейміз.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,Абай атындағы орта мектеп бастауышкәсіподақ ұйымының мүшесіГ.Т.Убайшанова
-
Фотографии
-