
Жаңашыл ұстаз – заман талабы
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнағанБозой орта мектебінің ұстаздары арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, оқытудың жаңа әдіснамасын насихаттау, кәсіби шеберлікті шыңдау мақсатында «Үздік ұстаз – 2016» байқауы өткізілді.
Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары С.Мүслімова әр бірлестіктен қатысқан үздік мамандарға сәттілік тілеп, байқау шымылдығын ашты. Таныстыру, кәсіби біліктігі және шығармашылық кезеңдері бойынша өзара бақ сынасқан сайыста қатысушылар барынша ептілігін, біліктігін көрсетіп, мектеп директоры бастаған қазылар алқасын кәсіби шеберлігімен мейлінше таң қалдыруға тырысты.
Үздік ұстазды анықтау барысында әсем ән шырқалып, байқау алаңы ерекше сырға бөленді. Тартысты өткен сынның нағыз майталмандарын анықтау төрешілерге оңайға соқпағаны мәлім.
Байқаудың Ікезеңінде мұғалімдер күнтізбелік жоспардағы тақырыпқа сай оқытудың өміршең жаңа технологияларын пайдалана отырып, ашық сабақ берді. ІІ кезеңде кәсіби жетістіктері мен жұмыс нәтижесін айқындайтын кәсіби портфолиолары сынға түсті. Маман ретінде өзін таныстыру «Бұрын қандай едім, бүгін қандаймын?» айдарында назарға ұсынылды. Мұғалімнің ситуациядан шығуы, берілген тақырыпқа диалог құру шеберлігі, импровизаторлығы «Көңілді алфавит» айдарында көрініс тапты.
Байқауға қатысқан ұстаздардың барлығы өзара тәжірибе алмасып, педагогикалық әдеп пен терең теориялық педагогикалық білімдерін ортаға салды. «Үздік ұстаз – 2016» байқауында ерекше ұстаздық қабілеті мен инновациялық білімін көрсеткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнімұғалімі С.Ж.Мақпырова жеңімпаз атанып, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Аталған байқауда І орынды география пәнінің мұғалімі А.Көптілеуова, ІІ орынды физика пәнінің мұғалімі А.Сафина, ІІІ орынды тарих пәнінің мұғалімі М.Қонысбаева иеленді.
Байқау соңында барлық жеңімпаздар Шалқар ауданы білім бөлімінің, аудандық кәсіподақ ұйымыныңбағалы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.
Ақтөбе облысыШалқар ауданыБозой селосыБозой орта мектебініңорыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымыГ.С.Аминова

-
Фотографии
-