
Студент-жастар салауатты өмір салтын ұстанады!
Дені саудың жаны сау. Бұл ұранды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері әрдайым басшылыққа алып, спортты жандарына серік етіп келеді. Студенттерге спорттың көптеген түрлерінен арнайы секциялар тегін жұмыс жасайды. Бос уақыттарында тренажерлік залдарға, бассейнге, футбол ойын алаңдарына барып жаттығу жұмыстарын жүргізуді дағдыға айналдырған. Үздіксіз спортпен шұғылданудың нәтижесінде студенттер "Сыр сымбаты" спорт клубы мен студенттер кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген 1 аптаға созылған дәстүрлі университетішілік студенттер спартакиадасында жоғарғы нәтижелер көрсетті. Сайысқа қатысушылар 9 спорт түрінен сынға түсіп, жарыс барысында жеңіске деген ынтасымен, төзімділіктерімен, командада жұмыс жасау,алғырлық сынды қасиеттерімен дараланды. Спартакиада қорытындысы бойынша Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері бас жүлдені жеңіп алып, чемпиондық кубокті иеленді. Барлық жеңімпаздар мен сайысқа белсенділік танытқан қатысушылар студенттер кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасыҚұрмаш Асқар
-
Фотографии
-