Спорт - денсаулық кепілі
Білім және ғылым қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитеті қысқы, көктемгі және жазғы демалыс кездерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт жарыстарын өткізуді дәстүрге айналдырды. Осы үрдіспен 26-шы наурыз күні Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді. Жарыс салтанатты түрде ашылып, мемлекеттік Гимн орындалған соң спортшыларды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанат Мұқашев құттықтады. Биылғы жарыстың кең көлемде өткізіліп отырғандығы көңілге қуаныш сыйлайды,- деді Жанат Мұхаметқалиұлы. Дәстүрлі сайыстың тартысты өтетіндігі сонша шалғайдағы елді мекендерден де волейбол командалары сақадай сай дайындалып келіп отыр. Осы құрам арасынан іріктелген командаларға облыстық бәсекелерге жолдама беретін боламыз. Турнирге 19 ерлер командасы, 16 әйелдер командасы қатысып, жарыс айналма түрінде 3 мектептің спорт залында өткізілді. Осы жарыста ерлер арасында жүлделі 3- орынға М.Жұмабаев атындағы орта мектеп, 2-ші орынға Шатырбай орта мектебі, 1-ші орынға Новопокровка орта мектебі ие болды. Новопокровка орта мектебінің мұғалімі Айдар Юсупов үздік ойыншы атанды. Ал әйелдер арасында 3-орынға Островский атындағы мектеп-лицей командасы, 2- орынға Екіаша орта мектебінің спортшылары, 1-орынға М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің волейболшылары ие болды. Номинация бойынша Ушинский атындағы орта мектептің мұғалімі Наталья Ольховская үздік ойыншы атанды. Барлық жүлдегерлер грамоталармен кубокпен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағыТалдықорған
аумақтық ұйымыныңСарқан аудандық комитеті
маманы Сымбат Сулейменова
-
Фотографии
-