Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Шығыс Қазақстан облысы Білім саласының қызметкерлері сайлау нақанына бір кісідей ат салысты.
Зайсан аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Қабиолда Сайранов және Қатон-Қарағай аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Вячаслав Васильевич Малахов аудандық мәслихатқа депутат болып сайланды.
Аудандық Мәслихаттардағы депутаттардың жұмысы асқан жауапкершілікті талап етеді, әрбір сайланған халық қалаулысы өз аумағында тұратын тұрғындардың мүдделерін тиісті деңгейде қорғай білуі қажет. Ал, бұл азаматтар білім саласының кәсіподақ мүшелерінің қордаланған мәселелерін шешуде үміттерін ақтап, абырой жиған білімді де білікті жандар.
Зайсан аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Қабиолда Сайранов осымен қатарынан екінші рет депутаттыққа сайланды, ол тек жақсы әріптес ғана емес, жан-дүниесі кең, білім-білігі мол адам.
Депутаттық мандат аудан әкімі, оның орынбасарлары мен сала басшылары қатысқан отырыстарда мәселенің мәнісін терең түсінуге мүмкіндік береді және мектеп, бала бақша, ауруханаларды күрделі жөндеуде, олардың материалдық базасын жаңғырту бағытындағы жұмыстарға қатысу мүмкіндігіне де жол ашады.
-
Фотографии
-