
«Ана-бақыт, ана-жыр» мерекелік шара өткізілді
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай аудандық комитеті» филиалының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 3 наурыз күні Атырау облысы Исатай ауданы жалпы білім беретін Абай орта мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана-бақыт, ана-жыр» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шараға білім мекемелерін басқарған ардагер аналар, 70,60 жасқа толған мерей жас иелері, өз ұрпақтары арқылы мерейі өскен ұстаз аналар, балабақша қызметкерлері, өз мамандықтарының майталман иесі атаған ұстаздар, жай қызметкерлер, 7 одан да көп бала тәрбиелеген «Алтын алқалы» аналар, білім мекемелерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатынасты.
Мерекелік шара сыр-сұхбат, дөңгелек үстел түрінде өткізілді.
Шара соңында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай аудандық комитеті» филиалының төрайымы К.Дузбаева қорытынды сөз алды, дөңгелек үстел қатысушыларына ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
-
Фотографии
-