Шұғылалы көктем мейрамы
Наурыз айының 5 күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студентер сарайында бастауыш кәсіподақ ұйымы мен студенттер және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі бірлесе отырып ұйымдастырылған 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
«Сәлем, барша әлем анасы» деп бастау алған мереке Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Кенжеғали Кенжебайұлы Кенжебаевтыңқұттықтау сөзімен ашылды.
Мерекелік кеш жеті студент жүргізушінің шеберлігімен жалынды өтті. Концерт барысында «Ана», «Қазақ арулары», «Шағала», «Ана туралы жыр», «Аңыз ару» әндерімен көркемделе келе, Ақтөбе облысына кең танымды әнші Орал Байсеңгір көрермендерге сыйлық әуенін тарту етті. Сонымен қатар, «Кемал» театрының оқушыларының алғашқы қойылымы болды. Думанды сахнада студенттер және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің әйел және жанұяның өмірдегі көрінісінен сатиралық жанрында арнайы түсірген бейнеклипі көрермен қауымының көңілінен шықты. Кештің соңы жақұтқа балама болған «Бриллиант» әнімен, студент қыздардың дефилесімен, «Сенім» тобының «Жаным» әнімен аяқталды.
Концертке арнайы шақырылған ардагер қызметкерлерге, жұмысшыларға бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан естелік сыйлықтар тарту етілді.
1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында 8 наурыз күнін әйелдер мерекесі етіп жариялауды ұсынған Клара Цеткин бастамасы білім ордасында ұлы істің тізгінің ұстаған ұстаздарға арналған игілік шара өзіндік үрдісімен өтті.
-
Фотографии
-