
Кәсіподақ қатарының өсуі - еңбек қатынасының жаңа белесінің дәлелі
Өмір талабынан туындаған жұмыс беруші мен жұмыскердің өзара еңбек қатынасының жаңа белесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданымға енетін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексынан басталатыны баршамызға мәлім.
Еңбек Кодексын талқылау барысында Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қол жеткізген жетістіктерінің бірі- кәсіподақ мүшелерінің қатарының өсуі.
2015 жылдың 14 желтоқсанындағы кезекті кездесудің нәтижесі Көкпекті ауданындағы Самар ауылының балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің қызметкерлерінің кәсіподаққа мүшелікке қабылдануы болды.
Көпшілік қауымның алдында мектеп директоры Ержан Елтайұлы Нұқаевқа және жаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Нұрланұлы Касаиновқа салтанатты түрде кәсіподаққа мүшелік билеттері табыс етілді.
Базилева Н.С.
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы